Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлауынша, 2026 жылдың қаңтарынан бастап кейбір медициналық қызметтер МӘМС пакетінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне ауысады. Осылайша, олар сақтандырылмаған азаматтар үшін қолжетімді болады.
Бұған дейін айтылғандай, 2025 жылғы 14 шілдедегі жаңа заңның қабылдануымен Денсаулық сақтау жүйесін сақтандыру моделіне көшіру көзделіп отыр. Осы орайда, 2026 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінен (ТМККК) медициналық көмектің көлемін МӘМС жүйесіне кезең-кезеңмен интеграциялау басты бағыт саналады.
Бұдан бөлек, ауыр ауруларды уақытылы анықтау мақсатында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер де қарастырылған.
«Скринингтік зерттеулер МӘМС пакетінен ТМККК пакетіне, оның ішінде онкологиялық скринингтерге ауыстырғаны біз үшін маңызды. Бұл өзгеріс бүкіл халыққа жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, вирустық гепатит сияқты ауруларды алдын ала диагностикалау қызметтеріне қолжеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, скринингтер барысында медицина қызметкерлері алдын ала ағзадағы ауруларды анықтап, олардың одан таралуына жол бермеуі мүмкін», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.
Сондай-ақ, ол заң шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған кезде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пакетке ерте диагностикалауды енгізу көзделгенін атап өтті. Қазір ТМККК-да диагноз қою үшін медициналық қызметтер АИТВ және туберкулезге күдік болған жағдайда ғана жүргізіледі. Басқа жағдайларда пациенттер диагноз қою және әлеуметтік маңызды аурудың болуын растау үшін сақтандырылуы керек. Содан соң ғана пациенттер ТМККК шеңберінде ем ала алады. Осылайша, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ерте диагностика қолжетімді болады.

03.12.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026